Образование
07.09.2026
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары
Қыркүйек айының 7 күні 11-сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Кәсіптік бағдар беруші Т.Б. Сердалина оқушыларға бейіндік пәндер және олардың сәйкес келетін мамандықтары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар мамандықтарға түсу үшін қажетті шекті балдар, аталған мамандықтар бойынша білім беретін жоғары оқу орындары туралы ақпарат берілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру және жоғары оқу орнына түсу талаптары жөнінде ақпараттандыру.
