Образование
18.09.2026
“Әжемнің ертегісі”
“Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі” КММ.
“Әжемнің ертегісі”
Міндеті:
Балаларға ертегі тыңдату арқылы олардың сөздік қорын, сөйлеу тілін және есте сақтау қабілетін дамыту;
Ертегі кейіпкерлерін ажыратып, олардың іс-әрекеттерін түсінуге үйрету;
Үлкендерді сыйлауға, әжелерді құрметтеуге, мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу.
Әже мен немере арасындағы сыйластық пен жылы қарым-қатынасты нығайту.
Асыл әжелеріміз ертегі айтып,мейрім мен даналықтың,ұлттық тәрбиенің алтын көпірін жалғады.
Әже сөзі-тәрбие
Әже ертегісі - рух
Ал әженің алақаны-баланың жүрегіне жазылар мәңгілік із.Осындай тағылымды сәттер бала жүрегінде ұмытылмас естелік болып қалары сөзсіз. Өнегелі әжелеріміз балдырғандарға мейрімге толы ертегі сыйлады.
